Кеше, 21-қазан күні кешкісін Павлодарлық 22 жасар тұрғынның пәтерінен 5,6 мм-лік 231 оқ табылған. Оқтар атысқа қолдануға жарамды деп табылды. Оқтардың иесі уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Павлодар облыстық ІІБ қызметкерлерінің атап көрсеткеніндей, қазанның 20 мен 24 аралығында облыста "Қару" операциясы өткізілуде. Осыған байланысты ІІБ басшылығы тұрғындарға жолдау жариялап, заңсыз сақтап отырған отты және суық қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды мекен-тұрағына қарай ішкі істер органдарына тапсыруды өтінді.
""Заңсыз сақталған қару-жарақтарын өз ықтиярымен келіп тапсырған азаматтарға қылмыстық және әкімшілік жаза қолданылмайды. Қару тіпті біржола тәркілеп алынбайды да. Қару тапсырған адам соңынан тиісті құжаттарын өткізген жағдайда оған қаруды сақтауға немесе оны арнаулы дүкендер арқылы сатуға рұқсат беріледі",- дейді баспасөз орталығындағылар.