Павлодар заң колледжінің курсанттары қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсаринге арналған шығармашылық кешіне қатысты

Павел Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада өткізілген кездесуге облыс орталығының колледждерінің студенттері мен жоғары оқу орындарының ғалым-филологтары шақырылды.

Кеште ақынның өлеңдері оқылып, оның өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд-фильм тамашаланды. Ақынға арналған арнайы көрмеге ағартушының әдеби туындылары қойылды.