Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Павлодар облысында Марғұлан ауылынан 28 шақырым жерде 4 қыркүйекте 530 га аумақты шарпыған далалық өрт шықты. "Өрт 6 қыркүйек күні таңертең сөндірілді. Оны сөндіруге 76 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 36 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, Төтенше жағдайлар министрлігінң ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Темір ауданында аудан орталығынан 20 шақырым жерде 5 қыркүйекте 600 га аумақта өрт шықты, оны тек екінші тәулікте ғана сөндіруге мүмкіндік туды. "Өртті сөндіруге 20 адам мен 1 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.