Павлодар және Қарағанды облыстарында далалық өрттер сөндірілді



Атап айтсақ, баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Павлодар облысының Құндыкөл ауылдық округінде кеше 11.35-те далалық өрт шығып, ол 19.15-те шоғырландырылды. Жанып кеткен даланың жалпы аумағы 1200 га құрады. "Өртті сөндіруге 17 адам мен 8 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, мекеме ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысындағы Южный ауылы маңында 15.35-те 450 га аумақта далалық өрт шықты. " Өртті сөндіруге 60 адам мен 8 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 28 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды ", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.