Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық есірткі саудасымен күрес басқармасына "облыс орталығында тұратын адамдардан құралған қылмыстық топ ірі көлемдегі героин партиясын Павлодар аумағында сату үшін әкелді", деген ақпарат келіп түсткен. Облыстық есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл әрекет етуші арнаулы топ мүшелерімен бірлескен операцияның барысында төрт адамды ұстап, олардан 1,5 килограмм героин тәркіледі.
Қазір тұтқындар уақытша тергеу абақтысында отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті