Павлодарда 170 млрд теңгеден асатын қос жоба іске асырылады


деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
“Павлодар” АЭА аумағында барлығы 6 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның екеуі биылғы жылдың соңына дейін іске қосылады”, - делінген хабарламада.
Мамыр айынлда “АгорХимПрогресс” ЖШС жобасының алғашқы кезеңі іске қосылуы тиіс. Оған салынған инвестиция көлемі 3,2 млн теңгені құрады. Жобалық қуаты бойынша өндіріс ошағы жылына 11 мың тонна өнім өндіреді.
Екінші жоба – “УПНК-ПВ” ЖШС-нің қыздырылған мұнай коксы өндірісі. Оған 16,8 млн теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 205 мың тонна кокс шығарады.
Экономикалық аймақ аумағында жүзеге апсырылып жатқан алты жобаға барлығы 39,9 млрд теңге инвестиция жұмсалмақ. Сонымен қатар, бұл жобалар 1000-нан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.