Павлодарда 2015 жылға қарай Ертіс арқылы өтетін жаңа көлік көпірі салынбақ

Павлодарда 2015 жылға қарай Ертіс арқылы құны 53,8 млрд теңге жаңа көлік көпірі салынбақ, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.


           "Жаңа көпір учаскесінің ұзындығы 12,3 шақырымды құрамақ. Жұмысты 2015 жылға қарай аяқтау көзделген. Жылдың соңына дейін бас мердігер, яғни Астананың "Қазақдорстрой" ЖШС 3,6 млрд теңге игеруді көздеп отыр", деп атап өтті баспасөз қызметінен.
           Жаңа көлік көпірі облыс орталығы мен Ақсу қаласының арасын байланыстыратын болады.