Павлодар облысы Красноармейка ауылының тумасы ҚР Қылмыстық істер Кодексінің 179-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық топтың құрамында қарақшылық жасағаны үшін сот шешімімен 9 жылға бас бостандығынан айрылған. Ол жазаның жеті жылын өтеген көрінеді. Қазір жігіттің туыстары тарихи отаны -Германияға қоныс аударыуға дайындалуда. Жігітті өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауға осындай жағдай итермелесе керек.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар облыстық басқармасынан хабарлағанындай, жігіт өз-өзін тамағынан бауыздап жіберуге талпынған. Зардап шеккен жігіт абақтының санитарлық бөліміне жеткізіліп, сол жерде оған тиісті көмек көрсетілді. Қазір жазасын өтеуші жігіттің өміріне төнген қауіп сейіліп, оған психологиялық көмек көрсетілуде.