Павлодарда 30 метрлік шыршаны орнату кезінде екі жұмысшы ауыр жарақат алды


Әдеттегідей, Тәуелсіздік күнінен бұрын жаңа жылды ойлайтын шенеуніктер жанталаса қамданып, 30 метрлік бас шыршаның шамын желтоқсанның бірінде жағуды жоспарлаған екен. Асыққандықтан автокранның қозғалтқыш тетіктерінен ақау шығып, жұмысшылар 13 метрлік биіктіктен жүк көтергішпен бірге құлапты.Жарақат алған 36-37 жастағы жігіттердің бірі ауыр жарақатпен травмотология бөлімшесіне ауыстырылса, енді бірі әлі есін жимаған.