Мына кадрларда қаршадай баланың алты тоннадан асатын машинаны еш қиындықсыз өзі жүргізгені анық көрінеді. Бейнеролик ғаламторда 31-ші наурызда пайда болған. Мұны көре сала полицейлер де жауапсыз әкені іздеуге кірісіпті. Шарбақты ауданының тұрғын да көпке ұзамай табылған. 34 жастағы азамат қаршадай ұлын құрылыс аумағына ертіп әкеліп, трактор тізгінін ұстатқан. Заң бұзған тұрғынға полицейлер айыппұл салумен ғана шектелді.
Loading...