Павлодарда 70-тен астам түрлі этнос өкілі қазақ тілінде диктант жазды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Достық үйінде қазақ тілінен өткен диктантқа 70-тен адам қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержан Төкеновтың айтуынша, өзбек, қазақ, орыс, татар, қырғыз, кәріс, армян ұлттарының өкілдері мемлекеттік тілде диктант жазған. Олардың ішінде ең жас қатысушының жасы 12-де болса, ең ересек қатысушы - 68 жаста.

- Өз білімін тексеруге келген жастардың ішінде түрлі этнос өкілдері бар. Бұл - қазақ тілінің жастар арасында беделі артып келе жатқандығының дәлелі. Диктанттың мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы мәтіннен құрастырылды, - дейді тексеру комиссиясының төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор әрі диктантты оқыған Рыскүл Шақаман.

Еске сала кетейік, Павлодарда қоғамның белсенді мүшелері қазақ тілінде жаппай ұлттық жатжазу өткізу идеясын ұсынған. Бұған дейін ресми тілде өткен жаппай жатжазудың курс бағдарламасы орталық сараптамалық топ пен Новосібір мемлекеттік университеті ұстаздарының ұсынысы бойынша әзірленген.