Павлодарда 7-ші қабаттан құлаған сәби аман қалды


Палатаның терезе жағын айналшақтап жүрген сәби анасы теріс бұрылып қалғанда, жақтауға мініп, аяғы тайып кеткен. Құлап бара жатқанда қабырғаның сыртындағы кондиционерге ілініп, аман қалыпты. Қос аяғы сынып, бас сүйегі ауыр жарақаттанған бүлдіршін қазір есін жиған. Биыл Павлодарда дәл осылай 20-дан астам бала биіктен құлапты. Көп жағдайда балалардың мертігуіне ата-аналардың салғырттығы себеп болатыны жасырын емес.