.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәбиді полиция бөлімшесіне осыдан бірер күн бұрын жергілікті тұрғындардың бірі алып келген.
Айтуынша, ол телефон арқылы 19 жастағы қызбен танысқан. Бойжеткен кездесуге шаранасын ала келіпті.
Бейтаныс еркектен баланы ұстай тұруды өтінген қыз сол кеткеннен қайтып оралмапты.
Қазір сәби облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, қыз баланың дені сау, он екі мүшесі бүтін.
«Көкек ананың» аты-жөнін анықтауға өзі қалдырып кеткен пакет ішіндегі жалақы карточкасы көмектесіпті. Ол Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты, дейді полицейлер.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, баланың анасы іздестіріліп жатыр.