Павлодарда адамдардың жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Тергеушілер қазіргі жағдаймен кондитерлік цехтың қожайынынан түсініктеме алып, адамдардың жаппай улануына алдын-ала боложам бойынша түрткі болған жұмыртқаны сатушы табылды. Облыстық прокуратурадан хабарлағанындай, оқиғаға кінәлі адамдар тергеу барысында анықталады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, тағамнан уланған алғашқы адам Павлодар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 28-қарашада жатқызылған. Кондитерлік өнімдерден уланып ауруханаға түскендер саны 95 адамға жетті Бүгінгі жағдаймен ауруханада 57 ересек адам мен 37 бала жатыр. 14 адамның, соның ішінде 7 баланың жағдайы ауыр, 75 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Зардап шеккендер арасында Павлодар қаласы мен Павлодар ауданы тұрғындарымен бірге Успенск мектеп-интернатының 20 тәрбиеленушісі де бар. Олар бүгін түнде Павлодарға жеткізілді. Сондай-ақ, Қачир аудандық ауруханасында да улану белгілерімен екі адам жатыр. Зардап шеккендерге инфекциялық гастроэнтероколит, сальмонеллез деген алдын-ала диагноз қойылды. Науқастарға бактериялық емдеу жасалып жатыр.
Павлодардағы Крупская көшесі, 76-үйде орналасқан кондитерлік цехта өндірілген "Балдан жасалған" және "Ұлу" атты тәтті тоқаш өнімдерін тұтыну адамдарды жаппай улануға апарып соқты. Кондитерлік цех пен зардап шеккендерден алынған бактериологиялық зерттеулердің қорытындысы 2-желтоқсанда дайын болады деп күтілуде.