Павлодарда адамды екі апта бойы батареяға байлап қойып, ақша бопсалаған қылмыскерлер ұсталды



Жергілікті бір фирманың 31 жастағы күзетшісін 27 және 40 жастағы екі жұмыссыз Торайғыров көшесінің бойындағы бір үйде ақша бопсалап екі апта бойы қамауда ұстаған. Олар осы мерзімде өз құрбанын соққыға жығып, тәлкекке салған.
Жәбірленуші қылмыскерлердің қолынан босап шыққаннан кейін полицияға шағымданыпты.
Қазір қылмыскерлер ұсталып, уақытша тергеу қапасына қамалды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "адамды заңсыз бас бостандығынан айыру жөніндегі" 126-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті