Павлодарда ағалы-інілі екі жігіт балабақша ғимаратының қабырғасын бұзып азық-түлік өнімдерін тонап кетті

Ағалы-інілі жігіттердің балабақшадан тонап кеткен өнімдерінің бағасы 10 мың теңгеден асады.

Павлодар облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазір екі жігіт те ұсталып, қылмыстарын мойындады. Олар қаладан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беріп, үйлеріне жіберілді.
Сондай-ақ, жігіттердің кішісі балабақшаға тонаушылық жасайтын күні тағы бір ұрлыққа барып, таныс зейнеткердің үйінен 10 мың теңгенің бұйымдарын қолды болдырған. Қазір бұйымдар иесіне қайтарылды.