Павлодарда акция басталғаннан бері ақшалай сыйақы үшін полицияға қару тапсыруға қатысты 24 оқиға тіркелген

Полицияның мәліметінше, қару-жарақты өз еркімен тапсырған барлық тұлғалар ақшалай сыйақы алады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ІІД-іне ерікті түрде тапсырылған 24 қарудың 20 -сы тегіс оқпанды аңшы мылтығы болса, 2-еуі ұзын ұңғылы кезік мылтық, 1 жарақаттағыш қару, біреуі граната болған.

"Қазір тапсырылған барлық қару баллистикалық сараптамаға жіберілді, сондай-ақ, олар арнаулы картотека бойынша қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріледі", -дейді департаменттегілер.

Ерікті түрде тапсырылған түрлі қарулар үшін түрлі сыйақылар қарастырылған. Атап айтсақ, автомат үшін 116 800 теңге , винтовка немесе карабин үшін 58 400 теңге, қысқа ұңғылы шолақ мылтық үшін 46 720 теңге төленеді. Оқ-дәрі үшін де төлемдер қарастырылған. Әрбір мың грамм жарылғыш зат үшін полиция 7 мың теңгеге дейін, ал әрбір оқ үшін 48 теңгеден төленеді.

Егер қару атуға жарамсыз болып шықса, төлем мөлшері уәде етілген сыйақының 50% құрайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, халықтан ақшалай сыйақы үшін қару қабылдау акциясы 1 қаңтарда басталған және ол осы жылдың сәуір айының аяғына дейін созылады.