Павлодарда әкім аттан құлап, бір ажалдан аман қалды

"Время" газетінің жазуынша, сол күні Павлодардағы "Құлагер" ипподромында облыс әкімі Болат Бақауов бастаған шенеуніктер атқа мініп, желпініп жарысқа шығыпты. Олардың арасында Бақауовтың орынбасарлары Николай Дычко, Мейрам Бегентаев, Ақтоғай ауданының әікімі Ағыбай Әмірин, Қашыр ауданының әкімі Жанат Шұғаев және Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов болған. Осылардың соңғысы аттан құлады.

Ол сол жағына қарай құлаған кезде арттан жүйткіп келе жатқан екі сәйгүлік таптап өте жаздаған. Дәрігерлердің айтуынша, 60 жастағы Оразгелді Қайыргелдинов миы шайқалып, мойнын ауыртып алыпты.

"Оның үзеңгісі дұрыс қойылмай, содан аяғы шығып кеткен. Оразгелді Қайыргелдинов осы оқиға болғанның ертеңіне-ақ жұмысында жиын өткізді" дейді облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Байтенов.