Павлодарда алименттерді төлету айлығы аяқталды

С. Есімхановтың айтуыша, сот атқарушылары "алимент төлеуші әкелердің аты-жөнін газет бетіне жариялаған".

Қорытынды бойынша, С. Есімхановтың айтуынша, борышкерлер "жиналып қалған қарыздарын төлеп, өздерінің аты-жөндерін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауды сұраған".

Азаматтардың мекемеге және сенім телефондары бойынша жүгінулері Павлодардың сот атқарушыларының алимент төлеуден бой тасалап жүрген 132 әкенің жұмыс орындары мен 140-тан астам әкенің тұратын жерлерін анықтауға көмектескен. Сонымен қатар, айлық кезінде 3 млн теңгеден астам алимент төлетілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті