Павлодарда әпкесінің төлқұжатымен шекарадан өтпек болған Қазақстан азаматшасы ұсталды

Шекарашылардың ақпаратына сәйкес, әйел Баянауылдан Монғолияға бет алған жерінен ұсталған.

Тағы да осы тексеру бекетінде Ош қаласынан Қазқастан аумағы арқылы Красноряск қаласына бет алған "Мерседес" шағын автобусын тексеру кезінде "егіздің сыңары болып табылатын ағасының төлқұжатымен" шекарадан өтпек болған Қырғызстан азаматы қолға түсті.
Бұл деректерге қатысты істер Шарбақты аудандық көші-қон полициясыынң қызметкерлеріне тексеруге берілді.
Жалпы алғанда өткен аптада Қазақстандық шекарашылар контрабанда алып өтуге жасалған 17 дерекке тосқауыл қойып, шекара бұзған 286 адамды ұстады.