Павлодарда асылып өлген полиция тергеушісінің мәйіті табылды

"Полиция қызметкері Нұрлан Шүкеевтің мәйіті жұма күні бір әкімшілік ғимаратының баспалдақтары аралығынан табылған",-дейді ақпарат көзі.

Айтуынша, осы жағдайдың алдында Н.Шүкеев облыстық ішкі істер департаменті бастығына шақырылған. Ақпарат көзінің айтуынша, "аға тергеуші соңғы кездері Қызылжар ауылының бір тұрғынының өліміне қатысты істі қараған. Бұл іс өте шұбалаңқы әрі түсініксіз жәйттері басым болған, сондықтан да одан тергеу жұмыстарын жеделдету талап етілген".

Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы аталған іс бойынша тергеу амалдары басталды дегенді желеу етіп төтенше жағдай туралы түсінік беруден бас тартты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті