Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікті тұтқындалды

Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

"2021 жылғы 28  наурызда Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс контейнерінің жанында зорлық-зомбылық белгілері бар 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-не қамалды.


Осы қылмысты жасаудың мән-жайлары мен шарттары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады.