Мекеме мәліметінше, таңертеңгі сағат 6-да өңірде 30 градус аязды ауа температурасы тіркелді. "Аязға байланысты барлық жалпы білім беретін 432 мемлекеттік мектеп пен 6 жеке меншік мектепте 1-9 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды", -деп хабарлайды департаменттегілер.
Мекеменің хабарлауынша, Павлодар облысында ағымдағы жылдың басынан бері ауа температурасының төмендігіне байланысты осымен жетінші мәрте сабақ тоқтатылып отыр. Ұстаздар аяздардың салдарынан мектеп бағдарламасына нұқсан келді дейді. "Алда бізде аралық мемлекеттік емтихан, сосын облыстық олимпиада болуға тиіс, сол себепті біз балаларға сабақтарды үйде қайталауға кеңес беріп жатырмыз", - дейді департаменттегілер.
Шұғыл әрекет ету қызметтері өңірде үскірік аязға байланысты ешбір күрделі оқыс оқиға тіркелген жоқ деп хабарлайды. "Тіршілік қамтамасыздығына қатысты барлық нысандар қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде, автокөлік жолдары толығымен ашық", - деді төтенше жағдайлар басқармасындағылар.