Бүгін таңертеңгі сағат сегізде Павлодарда ауаның температурасы минус 30 градусты көрсетті.
Күн райының ахуалына байланысты Павлодар мектептерінде осы аптада сабақтар осымен екінші мәрте тоқтатылып отыр. Бұл тек аязға ғана емес, сондай-ақ, сабақтарды тоқтату туралы шешім қабылдау нормаларының өзгерісіне де байланысты. Павлодар облыстық білім беру департаментінен хабарлағанындай, жаңа нормалар мектеп оқушылары үшін артықша рахымшылық сипатта. Мәселен, бұған дейін 1-4 класс оқушылары үшін сынап бағанасы минус 32 градусқа, ал 1-11 класс оқушылары үшін минус 40 градусқа төмендегенде ғана сабақты тоқтату туралы шешім қабылданатын.
Ал 2003-жылдың желтоқсан айында облыстық білім беру департаменті бастығының шешімімен жаңа норма бекітілді.
Мәселен, желсіз күні сынап бағанасы Цельсий өлшешімен минус 27 градусқа төмендеген жағдайда 1-4 класстардағы, минус 29 градус аязда 1-9 класстардағы, минус 30 градус аязда 1-11 класттардағы сабақ тоқтатылады.
Ал желдің жылдамдығы секундына 12 метрден асқан жағдайда ауаның температурасы минус 25 градуста 1-4 класстарда, минус 27 градуста 1-9 класстарда, минус 29 градуста 1-11 класстарда сабақ болмайды.
Сабақтарды тоқтату туралы шешімді бұрынғыдай төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет емес, "Қазгидромет" мәліметтеріне сүйене отырып қалалық және аудандық білім беру бөлімдері қабылдайды.