Павлодарда балабақша тәрбиешісіне баланың көзін көгерткені үшін айыппұл салынды

Балабақша тәрбиешісі 79-3 бабы бойынша (денсаулыққа зиян келтіру) заң бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекет пайдасына 50 АЕК мөлшерде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік дазаға тартылды.

Іс материалына сәйкес, тәрбиеші кішкентай баланың тақиясын түзетпек болған кезде қолы бетіне тиіп кетіп жеңіл жарақаттаған.

Тәрбиеші баланың тақиясын түзеткенде мұқият болғанын, оған қолы қатты тиюі мүмкін емес екенін айтады.