Алғашында ұшыну диагнозымен ауруханаға 7 бала түскен екен. Кейін тағы төртеуінен ішек инфекциясы табылыпты. Барлығы ауруханада ем қабылдап жатыр. Осы оқиғадан соң іле-шала жазғы лагерге тексеру жүргізіліп, онда қызметкерлердің санитарлық нормаларға салғырт қарағаны анықталған. Қазір тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін сауықтыру орталығын уақытша жауып тастады.