Полиция ақпаратына сәйкес, соңғы кездері Ақсуда 3-4-сыныптарда оқитын қыз балаларды көшеде тонау оқиғасы бірнеше мәрте шыққан. Қылмыскерлер екінші ауысымда оқып, үйлеріне қайтып келе жатқан оқушы қыздардың алтын сырға-жүзіктері мен басқа да бағалы заттарын тонап алып отырған. Осындай оқиғаға байланысты төрт баланың ата-анасы полицияға шағым түсірді. Барлығының айтуынша, тонаушылық жасағандар - еуропалық және азиялық нәсілді екі қыз көрінеді.
Күдіктілерді ұстауға бір қыздың айрықша белгісі көмек болған. "Зардап шегушілер тонаушы қыздың өзгеше жас қою үлгісін байқаған екен",- деп хабарлайды Ақсу қалалық ІІБ-нің бастығы Назымбек Жүнісов.
Екі күдікті де кеше, 17-қарашада ұсталды. Қазір олар уақытша тергеу абақытысына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.