Павлодарда «Балаларға күлкі сыйла!» фотокөрмесі ашылды

Экспозицияға белгілі қазақстандық фотошеберлердің балалардың жымиған сәтін түсірген 30-дан астам суреті қойылған.

Олардың ішінде көрменің басты қонақтары - облыс орталығындағы интернат үйлері мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері де бейнеленген.

Олар үшін көңілді ойындар, сұрақ-жауап және клоундардың қатысуымен конкурстар ұйымдастырылды.

«Балаларға күлкі сыйла!» акциясын ұйымдастырушылар әр адамның өміріндегі басты құндылық - сүйіспеншілік, адамгершілік, ізгілік екенін ұқтырды.

Көрмені ұйымдастырушылар балалар үйлеріне авторлық суреттерін сыйға тартты.