Павлодарда баланың еміне арналған қайырымдылық қорабын ұрлап кетті

Бейнебақылау камераларының көмегімен ұрылар ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шағымданушының айтуынша, ол облыс орталығындағы дүкендердің біріне қайырымдылық қорабын орнатқан. Оған қаражат кішкентай ұлының емі үшін керек болған. Ота жасалған ұлы оңалып кетуі үшін қымбат тұратын ем қабылдау керек болған.

Павлодар облыстық ІІД-нің хабарлауынша, ұрылардың әрекеті дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнекамерада капюшон киген ер адамдардың бірі қорапшаны алып, қашып бара жатқаны анық көрсетілген.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізуі нәтижесінде 20 және 45 жастағы екі күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы 2-бөлімі 1-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тер