Павлодарда белгісіз біреулер Австрия азаматшасының ірі көлемдегі қаржысын тонап кетті

10-қараша, сәрсенбіде Павлодарда жүрген Австрияның Нидендорф қаласының 31 жастағы тұрғыны полицияға арыз айта келген. Әйел өзінің тоналып қалғанын хабарлады. Автотұрақта қалдырған оның "Шкода" маркалы автокөлігінен ішінде автокөліктің техникалық төлқұжаты мен 1 млн. 600 мың теңге көлеміндегі ақшасы бар сөмкесін ұрлап кеткен.

Бұл дерек бойынша қазір тексеру жүргізілуде.