Павлодарда бес қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан екі адам қаза тапты

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 4 қарашада Павлодар қаласындағы Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйде сағат 22.00-де бір пәтердегі 35 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 77 жастағы ер адам мен 71 жастағы кейуананың мәйіті табылды. Сонымен бірге, өрт салдарынан 48 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.