Павлодарда бес қабатты жатақхана өртеніп жатыр, құрбан болғандар бар

""Хромзавод" маңындағы жатақхананың өртенгені туралы дабыл кезекші пультке 9 сағат 47 минутта келіп түскен. Өртке екінші санаттағы күрделілік тағайындалды", -деп хабарлайды мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі.

"Жалынға оранған ғимараттан 12 тұрғын шығарылды. Өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды, оның аты-жөні әзірге белгісіз. Өртті сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің бірнеше техникасы мен 20 адамы жұмылдырылды", - деп хабарлайды мекеме.

Қазіргі жағдаймен өрт сөндірушілер өрт ошағын шоғырландырды. "Өрттің сөндірілгені туралы хабар келген жоқ", -деп хабарлайды мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі. Өрт шыққан жерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дәрігерлер мен құтқару қызметінің бригадасы жұмыс істеуде.