Павлодарда «Бір ел - бір кітап» акциясы Ж.Аймауытовқа арналған шығармашылық кешпен басталды

Облыстық музыкалық-драмалық театрында қазақ әдебиетінің классигі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық кеші өтті. Биыл ел болып оқуға жазушының «Ақбілек» романы таңдалып отыр.

Осыдан 83 жыл бұрын жарық көрген бұл шығарма дәуірлер тоғысында өз жолын іздеген қазақ әйелінің тағдыры туралы баяндайды. Театрда Ж.Аймауытовтың осы романын сахналаған театрдың режиссері Бұлбарам Бахтиярова қойылым туралы әңгімелеп берді.

Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған жазушының кітаптарына ұзақ жылдар бойы тыйым салынып келген. Бірақ бүгінде оның шығармашылығы зерттеле бастады: театрлар оның пьесаларын сахналап, жастар өлеңдерін оқуда. Бұқар жырау атындағы облыстық мұражайда жерлес жазушының өмірі туралы баяндайтын тұрақты көрме жұмыс істейді.