Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, кеше кешке ІІД-нің шұғыл басқару орталығындағы бақылау камерасы Ертіс өзені арқылы өтетін автокөпір маңында бір адамның өзін-өзі өлтіруге жасаған әрекетін түсіріп алған. Дабыл бойынша оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 30 жастағы жігітті өлімнен алып қалды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің хабарлауынша, 20 метрлік биіктіктен құлау салдарынан ер адам көптеген жерінен жарақаттанған. Қазір ол есін жимаған күйі Павлодардағы бір ауруханада жатыр. Дәрігерлер алдын-ала тексеру нәтижесінде жігіттің ақыл-есінің ақауы бар екенін анықтады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Полицейлердің анықтағанындай, жас жігіт жұмыссыз қалған. Ал суға секіретін кезде ол қатты мас болған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеушілер әзірге жігіттің мұндай қадамға бару себебін әлі анықтаған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті