Аталмыш видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда жастардың орысша сөйлеп тұрған кондукторың наразылығына қарамастан, әнұранды тоқтамай айтып тұрған сәтін көруге болады.
«Ребята, вы что делаете? Сейчас выставлю» дейді видеодағы әйел.
Жазба авторы видеодағы жас жігіттердің Павлодарға жарысқа келген Алматы облысының футболшылары екенін айтады.
Аталған видео желі қолданушыларының ашуына тиген. Олар:
«Жастарымыз мықты патриот, болашақ осылардың қолында, жарайсыңдар», «Кәпірлер шәңкілдеп жатыр ғой.! Жарайсыңдар жігіттер», «Бір орыс әр жағында айқайлап жатыр ғой риза болмай. Құлақтары әбден орысшаға бітіп қалған ғой», деп жазды олар.