Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Әлия Темірова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Оқыс оқиға Павлодар қаласы Горький көшесіндегі аулалардың бірінде орын алды. Таңғы 03.00-де «Шевроле круз» көлігі өртенді. Нақтырақ айтқанда, мотор бөлігі мен салоны жанды. Кейін аталмыш машинаның жанында тұрған «Мерседес» және «Тойота королла» маркалы көліктері де қызыл жалынға оранды, - дейді Ә. Темірова.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, өрттің жалпы аумағы үш шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда оқиғаның себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.