Оқиға, шамамен кешкі алтылар шамасында болды. Құтқарушылардың болжамынша, қараусыз саяжайлардағы қаулаған қамыс өздігінен тұтанып, ағаш қоршаулар арқылы күш алып кетіпті. Салдарынан, қолданыстағы бірнеше үйдің күлі ғана қалған. Ал 3 мың шаршы метр аумақты шарпыған отты өрт сөндірушілер таңға жуық әрең сөндірді. Ешкім зардап шеккен жоқ.