Павлодарда бірқатар азық-түліктің бағасы төмендеді

22 қазанда қалада жұмыртқаның бағасы орта есеппен 10 пайызға дейін, яғни келісі 160 теңгеге дейін төмендеді. Қанттың бағасы арзандады. Ұнтақ жарманың бағасы үш теңгеге төмендеді. Күнбағыс майының литрінің бағасы 236 теңгеге дейін түсті. Жеміс-жидек пен көкөністің бағасы тұрақтанды.

Павлодар қаласының базарларында жылқы еті мен сиыр етінің бағасы тұрақты, алайда шошқа еті 10 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ, қой етінің бағасы да көтерілді.

Әлеуметтік 30 дүкенде тауық етінің бағасы 450 теңге деңгейінде тұрақты болып тұр. Оған дейін әлеуметтік дүкендер қала әкімдігі, облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм  басқармасы, көтерме сауда жасаушы  «Каскад» ЖШС-мен тауық етінің бағасын тұрақтандыру бойынша меморандум бекіткен болатын.