Павлодарда блогер Ресей президентін "Путин - құйлы" дегені үшін 15 күнге қамалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ZTB порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал бұл айыппен келіспеген Диас қазақша тіркестің боқауыз сөз емес екенін айтады. Блогердің айтуынша, қазақ тілінде құю, құйло деген сөз заңды бұзатын сөз емес, әдеби тіркес.

Sud.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, Павлодар қаласының тұрғыны, белсенді Диас Құзайыровқа «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған. Онда блогер 25 наурызда сағат 14 шамасында «тікелей эфирге шығып, былапыт сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны» жазылған. Осылайша ол, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.