Павлодарда болат балқыту цехында болған жарылыстан төрт адам зардап шекті

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 7 сәуірде 12 сағат 41 минутта Павлодарда жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде "Кастинг" ЖШС Павлодар бөлімшесінің СПЦ-1 болат балқыту цехында газ құбыры (диаметр 159 миллиметрден 300 миллиметрге дейін) жарылды.

Жарылыстың салдарынан дәнекерлеуші мен шығыраншы ауруханаға жеткізілді, ал ауысым бастығы мен бір жұмысшыға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар ауруханаға жатудан бас тартты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Жарылыстың себеп салдары мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.