Павлодарда болған өрттен кейін мүрделері табылған үш адамнан тұратын отбасы кісі қолынан өлген - Мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің тергеушілері

"Адамдардың денелерінен тілінген, кесілген жарақаттар табылды. Бұл олардың өлтірілгенінен және іздерін жасыру үшін үйдің өртелгенінен хабар береді", - деп атап көрсетті Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі. Тергеушілердің айтуынша, қазіргі уақытта қайтыс болған отбасының мүрделері сот-медициналық сараптамада жатыр. Басқа да криминалистикалық тексерулер жүргізілуде. Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе шешілу үстінде.