Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, айыпкер осы ақпан айында “Бригада” атты көп сериялы фильм жазылған бейнетаспаны алу үшін жігіттің үйіне келген. Ол 4 ай бойы бейнетаспасын қайтарып ала алмапты. Пәтерде жігітпен бірге оның 30 жастағы жолдасы отырған. Бейнетаспаның жоғалып кеткенін естіген еркек пәтердің қожайынын шолақ мылтықпен атып өлтіріп, оның жолдасын иығынан жаралап, оқиға орнына қашып кеткен, деп хабарлайды прокуратура.
Облыстық сот айыпкердің үстінен қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша үкім шығарды. Атап айтсақ, оған заңсыз қару жасау, қаруды заңсыз сатып алу, заңсыз қару алып жүру, кісі өлтіру және кісі өлтіруге әрекет жасау жөнінде айыптар тағылды.
Прокуратураның нақтылауынша, сотталған еркек бұған дейін де екі мәрте істі болған: ол кісі зорлағаны үшін 5 жылға, қасақана кісіөлтіргені үшін 8 жылға бс бостандығынан айрылыпты.