Павлодарда бүгін екі балабақша ашылады

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Күрделі жөндеуден өткізілген ғимараттарда бүлдіршіндерді тәрбиелеуге және шығармашылық дамытуға барлық жағдайлар жасалып отыр. №26 балабақшада қатардағы топтармен қоса, екі логопедтік топ ашылып отыр.

Балабақшаларда сонымен қатар ән-күй залдары, медициналық кабинеттер, асханалар бар. Жаңа мекемелерде педагогтар мен қызметшілер үшін 70 жұмыс орны құрылып отыр.