Павлодарда джиу-джитсудан өткен республика чемпионатында ұлттық құрама жасақталды

«Файтинг» бөлімінде ересек спортшылар арасында Алматы облысының спортшылары жеңімпаз атанды. «Жеңіске деген ерік-жігері» арнайы сыйлығымен павлодарлық спортшылар Сағынбай Ақжол мен Мұрат Нұрекешов марапатталды. Ал «Үздік техника» аталымында атыраулық Альмир Хабасов пен қарағандылық Роман Брамонтов үздік шықты.

«Павлодарда республиканың үздік спортшылары анықталды, - деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, ҚР ұлттық жоғарғы санаттағы арбитр - «рэнси» Дәулет Әлжанов. - Таңдаулылар ұлттық құрамаға кіріп, қараша айының соңында Санкт-Петерборда «Файтинг» бөлімі бойынша джиу-джитсудан өткізілетін әлем чемпионатына қатысады».