Қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөлімнің өкілетті қызметкері шұғыл шаралар жүргізу барысында 39 жастағы жергілікті тұрғынға есірткі салып жібергендігі үшін сотталды, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" соттан.
Бірқатар БАҚ хабарлағандай, ол ер адам екі жылдай тергеу изоляторында отырған. Тек прокуратура органдары араласқан соң ғана ол кінәсіз деп танылды. Ал полиция қызметкеріне қатысты үш бап бойынша іс қозғалды: қызмет бабын асыра пайдалану, есірткі заттарын заңсыз алып жүру және ауыр қылмыс туралы істі бұрмалау.
Сот үкіміне орай экс- полиция қызметкері зардап шегушіге келтірілген моральдық шығынның өтеуі ретінде 2 млн теңге төлеуге тиіс.