7% өсті, деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің облыстық департаментінің баспасөз қызметінен.
"Департамент "Павлодарэнергосбыт" ЖШС-нің электрмен қамсыздандыру жөніндегі қызметінің ақысын арттыру туралы хабарламасын қарап, оны орташа алғанда 7% арттыруды негізді деп шешті", делінген ақпаратта.
Енді тұтыну көлеміне орай халық үшін минималды тариф кВТ/сағ үшін (қосымша құн салығын қосқанда) 9,24 теңге, максималдысы – 14,85 теңге.
"Тарифті арттырудың басы себептері, биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап электр станцияларының босатылым бағаны көтеруі және энергия таратушы ұйымдардың тарифтерді арттыруы болып отыр. Мәселен, "Павлодарэнерго" АҚ тарифі 7,8% өсті, Екібастұз ГРЭС-2 9,6%. Өткен жылы "KEGOC" тарифі 6,7% артты", делінген онда.