Павлодарда электр жалғастыру желісін тарту жұмыстары 2007-жылғы күзде аяқталады

Құрылыс жұмыстары "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы"АҚ мен "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ арасында 2004-жылы қол қойылған келісімнің негізінде жүргізілуде. Соған сәйкес әрбіреуінің ұзындығы 27 шақырымдық екі электр жалғастыру желісі тартылуы тиіс. Жобаның құны 1,5 млрд. теңгеге бағаланып отыр.

"Еуразиялық энергетикалық корпорациясы"АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлауынша, электр жалғастыру желісінің 800 метрі Ертіс арқылы өтеді.
Бұл жобаның аясында ашық тарату қондырғысының аясы кеңейтіледі. Бұл жұмыстар 1 млрд. теңгеге бағаланып отыр.
"Еуразиялық энергетикалық корпорациясы"АҚ-ның мәліметіне сәйкес, Ақсу Жылу электр станциясы электролиз зауытын 480 МВт көлемінде электр қуатымен қамтамасыз ететін болады.