"Бізге бір қылмыстық топ Тәжікстаннан Павлодарға тікелей героин тасымалдау арнасын жолға қоюды жоспарлап отыр деген шұғыл ақпарат келіп түсті. Біз осыған сәйкес күдіктілердің іс-әрекеттерін бақылай бастадық",- деді басқарма бастығы Ержан Бақұмбаев.
36 жастағы Тәжікстан азаматшасы тексеру-өткізу бекетінде ұсталды. Тексеру барысында оперативтік қызметкерлер оның сөмкесінен сұрғылт-қоңыр түсті зат салынған екі целлофан дорба тапты. Е.Бақұмбаевтың айтуынша, есірткі тасушы әйел Согды облысынан шығып, шекаралық бекеттерді айналып өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы маңында мемлекеттік шекарадан өткен. Күдікті автобуспен Қарағанды қаласының түбіне жетіп, Павлодарға дейін жететін жеке меншік такси жалдаған. Тінту барысында тұтқыннан оперативтік қызметкерлер бөтен адамның атына жазылған Қазақстанның төлқұжатын тапты.
Әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "аса ірі көлемде есірткілік заттарды сату үшін заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау" жөніндегі 259-бабы, 4-тармағы, "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту дерегі бойынша екінші қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде.
Тәжік есірткі тасушысымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. "Ол әйелді Сарыағашта күтіп алып, оған павлодарда есірткі сату арнасын жолға қоюға көмектесуге тиіс болған",- дейді басқармадағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті