Павлодарда екі жасар қыз даладағы әжетханаға құлап кетті

Павлодарда көшедегі дәретханаға екі жасар қыз құлап кетті.

Оқыс оқиға сәрсенбі, 3 шілде күні болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Сағат 13:25-те құтқарушыларға Павлодарда ауладағы дәретханаға екі жасар қыз құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына бір техника мен төрт құтқарушы шықты", - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Құтқарушылар дәретхананың еденін ашып, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төмен түсіп, баланы алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шақыру түскеннен кейін сегіз минуттан соң келіп жетті", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.


2017 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Ол дәретхананың шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз.