Павлодарда Екібастұздың экс-әкімін өлтірген күдіктілер қамауға алынды

"Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері аталмыш қылмысты жасағаны үшін Павлодардың екі тұрғыны мен Өскеменнің бір тұрғыны анықталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды", - деп хабарлады ІІД.

"Екібастұздың бұрынғы әкімін өлтірді деген күдікпен тағы екі адам 1983 және 1977 жылы туған жас жігіттерге іздеу жарияланды. Екеуі де көршілес Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары", - деп хабарлады полиция департаментінде.

Баспасөз қызметі сондай-ақ, қазіргі уақытта тергеушілер осы қылмыстың бірнеше жолын қарастыруда екендігін хабарлады. Әзірге белгілісі тұтқындалғандардың барлығы да қылмысқа қатысушылар ғана. Ал қылмыс жасаған адам әлі қамауға алынбаған.

Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Р. Жұматаевты өлтіру қылмысын ашуға көмектескендерге 1 млн теңге көлеміндегі сыйақы тағайындалған.